Индонезияда көлік апатынан 10 оқушы көз жұмды

Индонезияда көлік апатынан 10 оқушы көз жұмды

Индонезия астанасы Джакартада ірі жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүк көлігі аялдамаға соқтығысты. Соның салдарынан 10 оқушы қаза тапты. Тағы оны түрлі жарақат алды. Бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек, апаттан электр бағанасы құлап, бір мотоциклге зақым келді. Қазір полицейлер оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.