АҚШ-та оқушылардың оқу үлгерімі күрт төмендеді

АҚШ-та оқушылардың оқу үлгерімі күрт төмендеді

Біраз елде оқу жылы басталды. Украиналық балалар мектепке барды. Алайда оларды тек бомбадан жасырынатын арнайы орындары бар білім беру мекемелері ғана қабылдай алады. Басқалары оқушыларды қашықтан оқытады. Осы онлайн оқудың кесірінен америкалық балалардың білімі күрт төмендеген. Бұл проблема ұлттық тестілеуден кейін анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемияның екі жылы америкалық балалардың оқу үлгерімін 20 жыл бұрынғы көрсеткішке дейін төмендетіп тастады. Ұлттық тестілеу орталығы 9 жастағы 15 мың баланың білімін тексерген. Сөйтіп алынған мәліметерді соңғы рет 2020 жылы жүргізілген тест нәтижелерімен салыстырған. Балалардың көбі ежіктеп оқып, математикадан артта қалып отырса керек. Сарапшылар бұл онлайн оқудың кесірі дейді. Олар енді оқушылар коллелджге түсетін кезде қиналуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан кейбір мектептер сағаттарды арттырып, қосымша сабақтар енгізіп жатыр.

Кристал Джонс, бастауыш мектептің директоры:

– Пандемия кезінде балаларымыз математикадан артта қалмау үшін біздің мұғалімдеріміз қолдан келгеннің бәрін істеді. Енді ата-аналарға үміт зор. Олар балаларын қосымша сабақтарға жазып, үйде көмек көрсету керек.