Оңтүстік Кореяда робот-құтқарушылар көрмесі ұйымдастырылды

Оңтүстік Кореяда адамдарды құтқаруға арналған техниканың мыңнан астам үлгілері көсетілді. Тэгу қаласында әлемдегі ең ірі бес өрт сөндіру көрмесінің бірі өтті. Противогаздың қолданылу мерзімі қаншаға ұлғайғанын және роботтардың құтқарушыларға қалай көмектесетінін арна тілшісі көріп-білген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владислав Цой, тілші:

– Бұл брондалған көлік құтқарушыларға жоғары температурада және газдан қауіп төнген кезде жұмыс істеуге көмектеседі. Қозғалтқыштың орнына ол батареядан қуат алады, бұл жарылыс қаупін жояды. 

Көрмеге келушілерді робот ит қарсы алады. Ол камера арқылы нысандарды тани алады. Барлық ақпарат оны басқаратын адамдарға беріледі. Мұндай роботтар АҚШ шекарасын күзетеді, ал құтқарушылар иттің қызметіне қызығушылық танытады. «Ақылды» жануар иісі арқылы адамды таба алмайды. Бірақ, кішкентай құрылғы құтқарушылардың жұмысын жеңілдетеді. Ол 3 күн үздіксіз жұмыс істей алады.

Өрт кезінде адамдардың 70 проценті көмірқышқыл газынан уланып көз жұмады. Сондықтан көрмеде түтіннен тұншығып қалмауға көмектесетін түрлі құрылғылар ұсынылды.

Пак Чон Мин, противогаз өндіруші компаниясының директоры:

– Бұл газға қарсы тұмылдырық 4 сағатқа дейін дем алуға мүмкіндік береді. Ішінде арнайы сүзгісі бар. Мына сағат ондағы температураны, сондай-ақ қалған ауа мөлшерін көрсетеді.

Бірақ егер адам тыныс алмаса, онда алғашқы медициналық көмек көрсете білу маңызды. Көрмеде жасанды тыныс алуға көмектесетін құрылғылар көрсетілді. Өрт сөндірушілерді түтін мен оттан қорғайтын арнайы киім де көпшілік назарына ұсынылды..

Хан Сын Ук, арнайы киім шығаратын компаниясының басшысы:

– Біздің арнайы костюміміз 100%-ке арамидтан жасалған. Сондықтан ол 600 градус Цельсийден жоғары температураға төтеп бере алады. Қазір бұл киімді өрт сөндірушілер пайдаланады. Бірақ біздің бас киімдерді балабақша, мектептерге, қарттар үйіне және метро станцияларына таратылса, бұл төтенше жағдайларда жарақаттанудың алдын алудың тиімді құралы болады.

Пайдалы қазбалардың жетіспеуіне және мұнай бағасының өсуіне байланысты Оңтүстік Корея тұрғындары электр немесе сутегі қозғалтқышы бар көліктерді басқаруды жөн көреді. Бірақ егер мұндай машина отқа оранса, оны сөндіруге 2 сағаттай уақыт қажет. Кореядағы өрттің негізгі себебі сөндірілмеген темекі тұқылынан болады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян