Францияда атом электр станциялары іске қосылады

Францияда атом электр станциялары іске қосылады

Францияда электр энергиясы тапшылығымен күресу үшін бұған дейін уақытша тоқтатылған ядролық реакторларды қайта қосуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе 32 атом электр станциясына қатысты. Олардың кейбірі қазан айынан жұмыс істей бастауы мүмкін. Бесінші республикада энергияның 70 проценті, яғни үштен екі бөлігі осы атом қуаты арқылы өндіріледі.