Калифорнияда орман әлі жанып жатыр

Калифорнияда орман әлі жанып жатыр

АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штатының бірнеше ауданында орман оты сөнген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұма күні Сакраменто қаласынан 400 шақырымдай жерде басталған жалын 2 мың гектар аумаққа тарап үлгерген. Лаулаған өрт 100-ден астам үйді күлге айналдырды. Виид қаласы маңында да бір өрт ошағы тіркелген. Табиғат апатына байланысты Сиския округінде төтенше жағдай жарияланды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп жатқанын айтты.

ЖАҢБЫР СОҢЫ ТАСҚЫНҒА ҰЛАСТЫ

Ал Джорджия штатындағы Чаттуга округінде жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Толассыз жауынан өңірдегі өзендер арнасынан асып бірқатар елді мекенді су басты. Осы елдің Ұлттық метерологиялық қызметінің хабарлауынша тасқын әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін.