Элизабет Трасс электр жарығының шекті бағасын реттеуді қолға алды

Элизабет Трасс электр жарығының шекті бағасын реттеуді қолға алды

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Лиз Трасс елде электр шоттарының шекті бағасын бекіту үшін арнайы механизм ойлап тапты. Оған бюджет қазынасынан 130 млрд фунд жұмсалмақ.

Лиз Трасстың айтуынша, осылайша алдағы 18 айда қарапайым тұтынушылар үшін электр қуаты мен газ бағасының күрт қымбаттауына жол берілмейді. Яғни британдық отбасы электр қуатына жылына шамамен 2 мың фунт қана жұмсамақ. Қалған сома мемлекеттік бюджеттен төленетін болады. Яғни бұдан былай энергетикалық компаниялар электр қуаты мен газды тұтынушыларға жеңілдетілген бағамен сатады.