Португалияда инфляция ең жоғары көрсеткішке жетті

Португалияда инфляция ең жоғары көрсеткішке жетті

Португалияда инфляция соңғы 30 жылда болмаған ең жоғары көрсеткішке жетті. 

Енді қымбатшылыққа тап болған халыққа үкіметтен көмек берілмек. Бұл туралы ел премьер-министрі Антониу Кошта мәлім етті. Зейнеткерлер зейнетақысының 50% мөлшерінде қосымша ақы алады. Ал айлық табысы 2700 еуродан төмен әрбір азаматқа 125 еуро және әр балаға қосымша 50 еуро төленеді. Бұған қоса үкімет электр энергия салығын 13 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр.

Антониу Кошта, Португалия премьер-министрі:

- Біз ел қамын ойлап, бюджеттен көмекке қаражат бөлуді ұйғардық. Биыл азаматтарымызды қолдау мақсатында 2,4 млрд еуро ақша қарастырылып отыр. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жәрдемдесеміз.