АҚШ ғалымдары қатерлі дертке қарсы тұру жолдарын ойлап тапты

АҚШ ғалымдары қатерлі дертке қарсы тұру жолдарын ойлап тапты

Калифорния университетінің Симмонс онкологиялық орталығының мамандары қатерлі ісікпен күресетін иммундық жасушаларды жасартуды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеулер қорытындысы Nature Communications журналында сипатталған. Қысқаша айтып өтсек, ғалымдар лактатты қолдануды ұсынады, бұл қарқынды физикалық белсенділік кезінде жасушалар шығаратын метаболизмнің жанама өнімі. Сондай-ақ ол көбінесе көктамырға салынып, жарақат алғанда немесе басқа да операция кезінде қан жоғалтқан жағдайда аурудың асқынуынан сақтайды екен. Алғашқы сынақ тышқандарға жасалды. Нәтижесінде бұл дәрі ағзаның қатерлі ісіктен қорғануға жәрдемдестетіні анықталды.