Үндістанда дәстүрлі фестиваль басталды

Үндістанда дәстүрлі фестиваль басталды

Үндістанның Керала штатында халық дәстүрлі Онам атты фестивалін атап өтуде. Тұрғындар мерекені соңғы екі жыл тойлай алмаған.

Бұған коронавирус пандемиясы себеп болды. Әдетте шараға барлық тұрғындар қатыса алады. Көне фестиваль мыңнан астам жыл бұрын пайда болған.  Егін жинау мерекесі Керала штатында ғана аталып өтіледі екен. Аңыз бойынша бұл күн Керала патшасы Махабалиге арналған.  Оның ел билеген кезін халық «Алтын Дәуір» деп атап кеткен еді.

 

Шанта Пиллаи, студент:

- Біз Онам мерекесін ерекше атап өтуге тырысамыз. Халық фестивальді асыға күтті. Өйткені мереке соңғы екі жыл тойланған жоқ. Бірінші Храмға барып келеміз. Кейін әдемі киініп, тәттілерімізді әзірлейміз.