Украинада АЭС жұмысы толық тоқтатылды

Украинада АЭС жұмысы толық тоқтатылды

Запорож Атом электр станциясының жұмысы тоқтады. Бұл туралы Украинаның «Энергоатом» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бүгін соңғы алтыншы энерго бөлімі өшірілген. Қазір оны салқындату үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы күндері атом станциясының қызметі нашарлаған. Өйткені байланыс желілері өрттің салдарынан бүлінген екен. Соған байланысты қуат көзін өшіру керек болып тұр.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Запорож АЭС-і Ресей әскерінің бақылауында.