Қытайлар Айдың топырағынан жаңа минерал тапты

Қытай ғалымдары айдан әкелінген топырақтан жаңа минерал тапты. Оның үлгілерін жерге "Чанъэ-5"кемесі жеткізген.

“Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, қазбаның бағаналы кристалл екені анықталған. Мамандардың сөзінше, бұл айда жанартау атылғанын көрсетуі мүмкін. Енді біздің планетамызды зерттеудің жаңа жолдары пайда болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, "Чанъэ-5" айға 2020 жылдың соңында қонған. Ол жақтан кеме екі мың грамм топырақ жинап алып келген. Сапар 23 күнге созылған екен.