Елизавета Екіншінің немересі миллиардер атанды

Британдық ханзада Уильям миллиардер атанды. Өйткені әжесі Елизавета Екіншінің қазасынан кейін әйелі екеуі жаңа лауазымдарға ие болды.

Сонымен қоса иелігіндегі жер көбейген. Өткен аптада оның дүние-мүлкі 34 миллион стерлинг фунтына бағаланса, қазір бір миллиардтан асып кеткен. Айта кеткен жөн, Елизавета Екінші 19 қыркүйекте жерленеді. Келесі дүйсенбі Ұлыбританияда ұлттық демалыс деп жарияланды. Мұнда мектептер мен мәдени мекемелер жабық болады. Дегенмен, ауруханалар мен сот жұмыс істей береді. Жерлеу рәсімі Вестминстердегі шіркеуде өтеді. Оған әлем елдерінің басшылары, жоғары лауазымды британдық шенеуніктер мен бұрынғы премьер-министрлер шақырылған.