Әлемді апат жайлады 

Әлемді апат жайлады 

Кейінгі 50 жылда әлемде табиғат апаттарының саны 5 есе артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері осылай деп отыр. Мамандар қазір Пәкістан, Қытай мен Африка елдерінде болып жатқан жағдайларды мысалға келтіреді. Мәселен, Пәкістан халқы алапат су тасқынының салдарымен күресіп жатыр. Әдетте мұнда жауын-шашын маусымы шілдеде басталатын. Бірақ бұл жолы климаттың өзгеруі салдарынан бір айға ерте келді. Ауқымы да зор. Орталық Африкадағы Чад тұрғындарын кейінгі 30 жылда болмаған алапат тасқын әбігерге салса, енді Эфиопия, Кения, Сомали секілді мемлекеттер керісінше құрғақшылықпен күресіп әлек.