Испанияда аптап ыстық ауыр тиді

Испанияда аптап ыстық ауыр тиді

Карлос III атындағы Испанияның денсаулық институтының мамандары осы уақытқа дейін ыстыққа қатысты өлім-жітім көрсеткіштерін күнде бақылауда ұстап келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сараптама орталығының мәліметі бойынша шілде мен тамыз айларына қырық градустан асатын қатты ыстық болған. Осылайша бірінші маусым мен отызыншы тамыз аралығында аптап ыстықтан көз жұмған адамдардың саны 4655-ке жетті. Күз түссе де Испанияда қатты ыстықтың беті қайтар емес. Екі бірдей қалаға ауа райына байланысты метеорологиялық ескерту жарияланып, билік қауіптің әлі де сейілмегенін айтып, сақтыққа шақырды. 

- Көріп тұрсыздар ғой, қолымызда су, басқа амалымыз жоқ.

- Жаз бойы кондицонермен шықтық, айдың соңында қуат бағасы мың долларға жетті.

Қатты ыстық адам ғана емес табиғатқа да зор залалын келтірді.  Еуропалық орман өрті туралы ақпарат жүйесінің соңғы мәліметтері бойынша биыл Испанияда 293 155 гектар жер өртенген. Бұл дегеніміз ел аумағының 0,58% проценті деген сөз. Осылайша, осы жаздағы өрт - соңғы он жылдағы ең ауқымды деп тіркелген. Айталық 2012 жылы Испанияда 36 ірі өрт тіркелсе, 2021 жылы 16, ал биыл 54-тен асып тұр.

Лусия, Барселона қаласының тұрғыны:

- Биылғы жаз алапат өртімен де есте қалатын болды. Жаз бойы жергілікті билік пен кәсіпкерлер аптап ыстықтан туындаған жалынмен алысты. Өрттен келетін қауіпсіздік шараларын әлі де күшейте беруіміз керек деп ойлаймын. Көп жағдайда өрт адам қолымен де жасалды.

Аптап ыстық жүзім өндірісінің жұмысына да өзгеріс енгізді. Биыл жүзімді жинау науқаны әдеттігідей қыркүйек айының ортасы емес, тамыздың аяғында басталды. Оның өзінде шаруа адамдары жемістерін күн емес, түнде жинайды. Өйткені күндіз қатты қапырық ымырт жабылып, қас қарағайғанның өзінде де сынап бағаны отыз градустан түспей тұр.

Авторы: Аида Қыдырбай