Швед инженерлері электрлік ұшақ жасап жатыр

Ол 30 жолаушыны тасымалдауға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

400 шақырым қашықтыққа дейін ұша алады. Ұшақты құрастыру жұмыстары келер жылы аяқталуға тиіс. Ал 2024-ші жылы ол алғашқы рейсін орындайды. Әуе көлігі таулы аймақтарға және бір-біріне жақын орналасқан аралдарға ұшады. Керосинмен ұшатын әуе көліктерімен салыстырғанда, электрлік ұшақтың шығындары 100 есе аз екен. Тиісінше, билеттердің құны да арзан болады. Экономикалық тиімділігінен бөлек әуе кемесінің экологияға да зияны аз. Қазір атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының 3% – әуе тасымалдарының үлесіне тиесілі. 2050 жылы ол көрсеткіш 25% дейін жетуі мүмкін деген болжам бар.