Еурокомиссия төрағасы Киевке барды

Украинаға қолдау Еуропаға қымбатқа түсіп жатыр, бірақ бостандық баға жетпес құндылық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары кезінде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, санкциялардың Ресей экономикасына ықпалы енді байқала бастаған. Бұл шаралардың кәрі құрлыққа да теріс әсері болғанымен Брюссель Киевке жан-жақты қолдауын жалғастыра беретінін айтады.  

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

- Қазір біз Украинаға қаржылай қолдау көрсетуге басты назар аударып отырмыз. Бұдан бөлек, әскери көмекке де көп көңіл бөлініп отыр. Кездесуде талқыланған тағы бір маңызды мәселе – қысқа дайындық. Ішкі босқындарға қолдау көрсету үшін 150 миллион еуро бөлдік.