Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал тұрақты

Қырғызстан мен Тәжікстан Ішкі істер министрліктерінің өкілдері шекарадағы Баткен облысын бірге күзетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар осыған келісті әрі өңірдегі ахуал тұрақты деп хабарлайды. Біраз күн бұрын екі арада атыс болып, қос көрші бұған бір-бірін айыптаған еді. Қырғызстан Баткен облысында төтенше жағдай жариялаған. 16 қыркүйекте екі мемлекеттің басшылары оқ атуды тоқтатуға келіскен. Алайда Бішкек екінші жақ ол келісімді бұзғанын айтады. Соңғы мәлімет бойынша Қырғыз жағынан 36 адам көз жұмып, 130-дан астамы жараланған. Ал Тәжікстан соңғы рет 7 бейбіт тұрғынның қазасы туралы хабарлаған. Сонымен қоса 11 адамның жарақат алғанын айтқан.