Аргентинада орман өрті өршіп тұр

Аргентинада орман өрті өршіп тұр

Аргентинада Парана өзенінің маңындағы орманды алқапта орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жау бірнеше елді мекенге ауыз салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар аймақта ауаның сапасы күрт нашарлағанын ескертеді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы кездері дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің қатары 20 процентке артты. Науқастардың көбі тамақтың қыруы, жөтел мен тыныс алудың қиындағанын айтады. Бұған ауада азот диоксидінің көбеюі себеп дейді ғалымдар. Қазір аймақта 7 өрт ошағы тіркелді. Қызыл жалынды ауыздықтауға жүзден астам әскери жұмылдырылды.