Қырғызстанда бүгін қаралы күн

Тәжікстанмен шекарадағы қарулы қақтығыстан соң ел билігі осындай шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 14-і күні екі ел арасындағы шекарада жағдай шиеленісіп, 16-сы күні қарулы қақтығысқа ұласты. Тәжікстан күштері бірнеше ауылға басып кіріп, Баткен қаласын зымырандармен атқылаған. Екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келгенмен, сенбі күні тәжік әскері қырғыз мекенін тағы атқылайды. Қазір екі ел шекарасындағы жағдай тұрақталды. Ал соңғы ақпарға қарағанда қақтығыстан қаза тапқандардың саны артып, 94-ке жеткен. Тағы 150-ден аса кісі жарақат алған. Қырғызстанда әскери қимылдар жүргізілген мекендерден 137 мың тұрғын эвакуацияланды.