Қырғызстан президенті халыққа үндеу жасады

Қырғызстан президенті халыққа үндеу жасады

Бүгін – Қырғызстанда қаралы күн. Бүкіл ел бойынша және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде мемлекеттік ту төмен түсірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты ел халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтарды сабырға шақырып, билік пен қарулы күштердің іс-қимылына қолдау білдіруді сұрады. Президентің айтуынша, әскери қызметкерлер мен эвакуацияланған азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мемлекеттің әлеуеті толықтай жетеді. Қарулы қақтығыс кезінде қираған нысандарды дереу қалпына келтіруге де қаражат бар.