Венесуэлада мұнай өңдеу зауытыннан өрт шықты

Венесуэлада мұнай өңдеу зауытыннан өрт шықты

Одан шыққан қою қара түтін бірнеше шақырым қашықтықтан байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік жақын маңдағы елді мекен тұрғындарын эвакуациялай бастады. Зауыт аумағынан да барлық қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды. Мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Мамандардың болжауынша, өрттің шығуына қоймалардың біріне найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.