Мобилизация: Батыс елдерінің пікірі

Мобилизация: Батыс елдерінің пікірі

Германия вице-канцлері Роберт Хабектің пікірі осындай. Ол Кремльдің бастамасы Украинадағы шиеленісті одан әрі ушықтырып жіберетінін айтады.   

Роберт Хабек, Германияның вице-канцлері, Экономика министрі:

- Біз Ресейдің бұл шешімін талқылап, оған қандай жауап қайтаруға болатынын ойластырамыз. Қалай болғанда да Германия үкіметі қиын кезеңде бұрынғысынша Украинаны қолдайды.

Ал Нидерланд премьер-министрі ішінара мобилизацияны үрейдің белгісі деп атады. Ұлыбритания билігі де Кремльдің шешімін қатаң сынға алды. Латвия мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарына виза беруді тоқтатынын жария етті. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында қабылданды. Сонымен қоса Шенген визасы бар ресейліктердің шекарадан өтуіне қарсы енгізілген шектеулер де алынып тасталмайтынын жеткізді. Тиісті шешім 19 қыркүйекте енгізілген.