Ресейде жұрт жаппай шеруге шықты 

Ресейде жартылай мобилизациялау шарасы жарияланғаннан кейін халық наразылық акцияларына шыға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ассоушиейтед пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің 37 шаһарында ереуіл ұйымдастырылды. Көшеге шыққандарды тарату үшін тәртіп сақшылары күш қолданған. Шамамен 800-ден астам ресейлік азамат қамауға алынды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге салайық, биліктің жартылай мобилизациялау шешімі бойынша әскери қызметке резервте тұрған 300 мың азаматты шақыру көзделіп отыр.

Иван, жергілікті тұрғын:

– Шешім өте тез қабылданды. Бұндайды күтпеген едік. Ақылға салынған шешім бе екен деген сұрақ туындайды.