Пуэрто-Рикода «Фиона» дауылы ойран салды

Пуэрто-Рикода «Фиона» дауылы ойран салды

Пуэрто-Рикода ойран салған «Фиона» дауылы енді Ұлыбританияның иелігі саналатын Теркс пен Кайкос аралдарына соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың Дауылдарды бақылау жөніндегі ұлттық орталығы келтірген дерек бойынша табиғи апат архипелаг астанасы Гранд-Терк маңында тіркелген. Осыған байланысты жергілікті билік өкілдері аймақта коменданттық сағат жариялап, тұрғындарды су тасқыны қаупі төнген аудандардан кетуге шақырды. Өйткені дүлей дауыл салдарынан теңіз деңгейі әдеттегі нормадан 1,5 метрге көтеріледі деген болжам бар.