Тәжікстан мен Қырғызстан шекараны бөлуге келісті

Тәжікстан мен Қырғызстан ортақ шекараның 61 процентін бөлуге келісті. Бұл 600 шақырымнан сәл асатынын айтты Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Тәжікстан – Қырғызстан шекарасының жалпы ұзындығы 1 мың шақырымға жетер-жетпес. Алайда әлі күнге дейін елдер арасында қарулы қақтығыстар туғызған даулы аймақтар бар. Естеріңізге сала кетейік, екі жақты шекаралық мәселе қыркүйектің 14-нен бастап шиеленісе түскен. Қырғыздардың мәлімдеуінше, Тәжікстан қарулы күштері Қырғызстандағы бірнеше ауылды бақылауға алған. Тәжіктер аумақтан кетпей, қарсыластарына оқ жаудырып, атыс басталған. Қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан 90-нан астам адам қаза тапты. Тәжікстан енді Қырғызстанның қарулы күштері мешітке шабуыл жасады деп айыптап отыр.