Жапония Солтүстік Кореяға наразылық білдірді

Жапония Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанына наразы. Бұл туралы жергілікті Ехнхап агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап мәлімдеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарсылыққа түрткі болған жайт, баллистикалық зымыран жапон теңізіне қарай ұшырылған екен. Дегенмен деректерге сүйенсек, снаряд Жапония аумағынан тыс жерде құлаған. Әскерилердің сөзінше, Корей Халық-Демократиялық Республикасының мұндай қадамы мүлдем кешірілмейтін жағдай және бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларының ережелерін бұзады. Солтүстік Корея үкіметі бұған әзірге еш жауап қатпады.

Ясукадзу Хамада, Жапония қорғаныс министрлігінің басшысы:

– Украинадағы қарулы қақтығыстар болып жатқанда, Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруы мүлдем кешірілмейді. Біз бұл әрекеттерді қатаң айыптаймыз және Солтүстік Кореяға наразылығымызды Бейжіңдегі дипломатиялық баланыстар арқылы жібердік.