Филиппинде «Нору» дауылы соққы берді

Филиппинде «Нору» дауылы соққы берді

Филиппин аралдарында «Нору» дауылы соқты. Елдің солтүстігіндегі екпінді желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік қазір қауіп төнген Лусон аралынан тұрғындарды көшіріп жатыр. Синоптиктердің деректеріне сүйенсек, бұл биыл Филиппин аралындағы ең алапат дауыл болып есептеледі. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, қазір дүлей жел ел астанасы Манила жаққа жақындап келеді. Ұлттық полиция өкілдері азаматтарды табиғи апаттан қорғану жолдарын қарастыруға шақырады. Мамандар болса, кейінгі жылдары Филиппин аралдарында осындай алапат дауылдардың жиілеп кеткенін және бұған ғаламдық жылыну себеп болуы мүмкін екенін айтады. Осындай тайфун елде соңғы рет 9 ай бұрын болған. Апаттан 400-дей адам опат болып, жүздеген тұрғын үйсіз қалды.