Ресейде мектепке қарумен кіріп, сабақта отырған балаларға оқ жаудырған қаскөйдің кім екені анықталды

Ресейде мектепке қарумен кіріп, сабақта отырған балаларға оқ жаудырған қаскөйдің кім екені анықталды

Ол Артем Казанцев есімді азамат болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

1988 жылы туған. Осы мектептің түлегі. Тергеу комитеті таратқан ақпарға сай, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Айта кетейін, осыған дейін әлдекімнің Ижевск қаласындағы нөмір 88-ші мектепте атыс шығарғаны хабарланған еді. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Оның 11-і бала. Қанди оқиғаға байланысты Удмуртия басшысы республика аумағында үш күндік аза тұту күнін жариялады.