Швейцария халқы әйелдердің зейнет жасын 65-ке дейін көтеру бастамасын қолдады

Ресми деректерге сәйкес 25 қыркүйекте өткен жалпыхалықтық дауыс беру кезінде сайлаушылардың 50,6% әйелдердің зейнет жасын 64 жастан 65-ке дейін көтеруді қолдап, дауыс берген.

Осылайша, әйелдер ерлермен теңесіп, зейнетке бір жаста шығатын болды. Швейцарияда зейнетақы реформасы соңғы рет 25 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Заңнамаға өзгертулер 2004 және 2017 жылдары енгізілмек болған, алайда бұдан нәтиже шыққан жоқ.

Реформа жақтастарының айтуынша, қазіргі экономикалық және демографиялық ахуалға байланысты әйелдер мен ер адамдар бірдей жұмыс істеу керек. Ал заң жобасына қарсы шыққандардың пікірінше, Швейцарияда нәзік жандылар мен ерлердің жалақысында айырмашылық болғандықтан, зейнетақы төлемдері де бірдей болмауы керек. Бұдан бөлек, тұрғындар зейнетақы қорына түсетін түсімді ұлғайту үшін, қосымша құн салығын көбейту керек пе деген мәселе бойынша да дауыс берді. Оны сайлаушылардың 55% қолдады.