loader


Украина астығы тиелген 4 кеме жолға шықты

Украинаның дәнді-дақылдар мен сұйық май тиелген 4 кемесі тексерістен өтіп, экспортқа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су көлігінің бортында 72 мың тонна тауар бар. БҰҰ-ның мәліметі бойынша жолға шыққан астық Түркия, Нидерланды мен Испанияға бет алды. Жалпы сарапшылардың айтуынша, күні бүгінге дейін Украинаның үш портынан 4 млн 900 мың тонна астық сыртқа шығарылды. Естеріңізде болса, 22 шілдеде Ыстамбұлда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісім жасалды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойған

Сондай-ақ...