Украинада аза тұту күні жарияланды

Украинада аза тұту күні жарияланды

Ресми Киев Кремльдің шешіміне қарамастан, Ресей әскерінің бақылауындағы өңірлерді азат етуін жалғастыра беретінін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Референдум өткен осы Запорожье облысында бүгін гуманитарлық керуен зымыранмен атқыланды. Салдарынан 25 адам көз жұмып, 30-дан астамы жарақат алған. Киев пен Мәскеу шабуыл үшін бірін-бірі айыптап отыр. Қайғылы оқиғаға байланысты 1 қазан Запорожье облысында аза тұту күні болып жарияланды.

Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 22.00-де НАТО басшысы баспасөз мәслихатын өткізуге тиіс. Шараның тақырыбы жария етілмей отыр.