Украина НАТО мүшелігіне өтінім береді

Украина бүгін шұғыл түрде НАТО мүшелігіне өтінім береді. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Украина блоктың стандарттарына сай келетінін толықтай дәлелдеді. «НАТО-ға мүше болу мүмкін нәрсе. Біз оны Финляндия мен Швецияның альянсқа кіру әрекетіне қарап білеміз», – деді Зеленский.

Айта кетейін, әскери блокқа мүше болу үшін НАТО-ға кіретін 30 елдің қолдауы қажет.