Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды. Химия бойынша сыйлықты Дания мен АҚШ ғалымдары қанжығасына байлады. 

Мамандарға марапат молекулалар жасау құралдары үшін беріліп отыр. Жүлдегерлер Бертоцци, Шарплесс және де Мелдал. Физика саласына келетін болсақ, сыйлыққа Франция, АҚШ және Австрия мамандары ие болды. Тәжірибе нәтижелері кванттық ақпаратқа негізделген технологияларды дамыту үшін аса маңызды.