Римде Ирандағы шерушілерді қолдау акциясы өтті

Италияда Рим қаласының тұрғындары Ирандағы 22 жастағы Махса Әминидің қазасынан кейін басталған шеруді қолдау үшін наразылық акция ұйымдастырды.

Шаһар орталығына жүздеген адам жиналған. Олар жастардың ереуілінен 130 адамның мерт болып, 1500 тұрғынның қамалғанына наразы. Жиналғандардың айтуынша билік бұндай жағдайдың орын алуына жол бермеу керек дейді. Махса Әмини өткен айда Тегеранда орамалды дұрыс тақпады деп айыпталып, полицейлердің көлігінде қаза тапқан еді.