Суданның басым бөлігін топан су басты

Суданның басым бөлігін топан су басты

Суданда маусымдық жауын-шашыннан елдің көптеген өңірі топан су астында қалды.

Табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы инфрақұрылым жарамсыз күйге айналды. Егіс алқаптары бүлініп, лас су арқылы таралатын аурулар етек жая бастады. Әсіресе тұрғындар арасында тырысқақ дерті ушығып барады. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес тасқыннан елдің 18 провинциясының 15-і зардап шекті. Елде гуманитарлық дағдарыс болып жатқандықтан Халықаралық Қызыл Крест ұйымы осы айда 45 мың адамды қамтитын гуманитарлық көмек ұсынуға дайын. Оның ішінде қажетті заттар, азық-түлік, ауыз су мен қаржылай көмек бар.

Муртада Адам Фадул, Қызыл Жарты ай халықаралық қозғалысының өкілі: 

- Биылғы жаңбырлы маусым халық үшін өте ауыр болды. Тіпті бұндай апат соңғы 80 жылда алғаш рет болып отыр. Өйткені жиналған судың деңгейі рекорд орнатқан.