Эгей теңізінде 100 мигрант мінгескен кеме суға кетті

Эгей теңізінде 100 мигрант мінгескен кеме суға кетті

Грекияның жағалау күзеті Китира аралының маңында апатқа ұшыраған 100 мигрантты құтқару және іздестіру операциясын бастады. 

Жартасқа соғылған шағын желкенді кеменің бортында 100-ге жуық адам отырған. Су көлігі жарылып, су астына кеткен.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнындағы желдің күші Бофорт шкаласы бойынша 7-8 бал шамасында болған. Құтқару жұмыстарына жағалау күзетінің бірнеше кемесі мен әскери теңіз флотының тікұшағы тартылды.