Мигранттар ағынына байланысты Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

Мигранттар ағынына байланысты Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тағы ең ірі қаланың мэрі Эрик Адамс келіп жатқан заңсыз мигранттардың үлкен ағынына байланысты Нью-Йоркте төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, қала дағдарыс жағдайында. 2022 жылдың сәуір айынан бастап оңтүстік шекарадан 17 мыңнан астам адам бас сауғалап келген. Олардың көпшілігі Оңтүстік Америкадан келгендер. Содықтан қала мэрі бүгін Нью-Йоркте төтенше жағдай режимін жариялайды және соған сәйкес ереже шығатынын айтты.

Билік аталған мәселені шешуге 2023 жылдың маусым айының соңына дейін шамамен 1 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

Әкім қаладағы үйсіздерге арналған баспана жүйесі 100% қамтылғанын, 60 мыңнан астам адам үнемі түнде жататын орын іздейтінін, оның 20 мыңға жуығы балалар екенін атап өтті. Оның үстіне күн сайын Оңтүстік штаттардан мегаполиске қандай да бір келісімсіз немесе ескертусіз 5-6 автобус заңсыз мигранттар келіп жатады.

2022 жылы Техас, Аризона және Флорида билігі Мексикамен арадағы шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктерді Вашингтонға, Нью-Йоркке және басқа да ірі қалаларға автобустармен жаппай жөнелте бастады. Көпшілік АҚШ президенті Джо Байденнің мұндай тым жұмсақ көші-қон саясатына наразы.