Украинаның бірқатар облысында әуе шабуылы жасалды

Украинаның БАҚ өкілдері Киев облысы, Одесса облысы мен Виницца қаласында бірнеше жарылыстың дыбысы естілгенін хабарлайды.

Бұл ақпаратты әзірге Украина билігі ресми растаған жоқ. Бірақ елдің бірнеше облысында әуе шабуылы дабылы соғылған. Аймақта әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жұмыс істеп тұр. Бұған дейін Винницк облысының басшысы жылу электр станциясы дрондармен атқыланғанын хабарлады. Ақпарат көздерінің мәліметі бойынша бірнеше аудан жарықсыз отыр.