Германияға миллионнан аса украиналық келген

Германияға миллионнан аса украиналық келген

 

Ақпаннан тамызға дейінгі аралықта Украинадан Германияға келген босқындар саны бір миллионнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде оларды орналастыруға қатысты қиындықтар туындаған. Сарапшылар биылғы көрсеткіштер 2015 жылғы көші-қон дағдарысы кезіндегі сандардан асып кетуі мүмкін дейді. Ол кезде Сириядағы қарулы қақтығысқа байланысты Германияға 2 миллионнан аса мигрант табан тіреген еді. Босқындар санының артуына Украинадағы шиеленістен бөлек дамыған елдерде жұмыс күшінің тапшылығы да әсер еткен. Ол аздай жақында Ресейде жартылай мобилизация жарияланып, көрші мемлекеттен өзге елдерге ағылған азаматтар көбейді.

Айта кетерлігі, Еуроодақтың бірде-бір елі мобилизациядан қашқан ресейлікке босқын мәртебесін бермеген.