Иранда студенттер наразылық шарасын өткізді

Ирандағы Тегеран университетінің студенттері наразылық шарасын өткізіп, оқу орнының ауласында фарсы тілінде қан деп жазды.

Студенттер бұл арқылы Ирандағы билікке қарсылығын білдіріп, оның ауысуын талап етуде. Ислам республикасында өткен айдың ортасында басталған толқулар басылар емес. Соңғы ақпаратқа сай, 200-ге жуық адам қаза болып, жүздеген адам жарақат алған. Мыңнан аса шеруші тұтқындалған. Қарсылық танытып жатқандар, әйелдерге шектеуді жойып, қазіргі үкіметтің биліктен кетуін талап етуде. Ал, билік болса толқуларға АҚШ-тың қатысы бар деп отыр.