АҚШ экономикасы биыл рецессияға түсуі мүмкін

Америкалық «Эс-Энд-Пи Глобал» медиахолдингінің де болжамы осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы мамандар АҚШ экономикасы келер жылға жетпей-ақ биыл төртінші тоқсанда рецессияға түсетінін айтады. Себебі елде инфляция жоғары деңгейде. Жақында елдің есін шығарған «Иан» дауылы да жергілікті экономикаға айтарлықтай салмақ түсірген. Сарапшылар дей тұрғанмен, қазіргі ахуал 2008 жылғы дағдарыспен салыстырғанда біршама жақсы дейді. Енді мамандар қалай болғанда да АҚШ экономикасы тек келер жылдың үшінші тоқсанында ғана қалпына келе бастайтынын болжайды.