Португалияда баспанасыздар саны күрт артты

Португалияда баспанасыздар саны күрт артты

Қымбатшылықтың ауыртпалығын тартып отырған тағы бір ел – Португалия. Мұнда өткен айдың қорытындысы бойынша инфялция 9,3 пайызға жетіп, кейінгі 30 жылда болмаған көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баспанасыздар саны күрт артқан. Таяуда сақтандыру компаниялары жүргізген зерттеу ел астанасы Лиссабон әлем бойынша тұрмысы ең ауыр қалалардың үштігіне кіргенін көрсетті. Салыстыру үшін айтсақ, Португалияда орташа айлық 878 еуро шамасында. Ал баспана жалдау құны 1000 еуродан басталады. Мұнда қымбаттап бара жатқан үй ғана емес. Нан бағасы өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға өскен.