Кенияда аштық пен құрғақшылық белең алды

Кенияда миллиондаған адам аштық пен құрғақшылықтан зардап шегіп отыр.

Жергілікті халық қолдан жасалған арнайы су қоймаларын толтырумен әлек. Мамандар: «Қуаңшылыққа климаттың өзгеруі себеп», – дейді. Ал бұл ауыл шарушылық өнімдері мен табиғи ресурстар арқылы күн көріп жүрген жұртқа ауыр тиеді. Мына кадрлардан Калифи өңіріндегі қиын жағдайды көруге болады. Халықаралық Қызыл крест комитетінің деректеріне сүйенсек, Кения үш жыл қатарынан құрғақшылықтан зардап шекті. Салдарынан 3 млн астам адам  аштыққа ұшырады. Тұрғындардың айтуынша, олар 4 жыл жаңбырға тәуелді болып отыр. БҰҰ бұл жағдайға алаңдайды, себебі қазір аштықтан түрлі ауруларға душар болған балалар аурханаларға түсуде.