ЮНИСЕФ: 4 млн бала кедейшілікке тап болған

ЮНИСЕФ: 4 млн бала кедейшілікке тап болған

ЮНИСЕФ-тің деректері бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда кедейшілікке тап болған балалардың саны тағы 4 млн-ға көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстар, қаржы дағдарысы себеп. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің президенті Аделин Хазан мәлім етті. Ұйым 22 ел бойынша зерттеу жүргізген. Қолда бар статистикаға қарасақ, бұл былтырмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Аймақтағы балалардың 40 проценті жоқшылыққа тап болған, бұл 10 млн бала. Ең көбі Ресейде шамамен 2,8 млн бала, содан кейін Украина және Румыния тізімде тұр. Соңғы деректерге қарасақ, 424 млн халқы бар Шығыс Еуропа биыл 470 млрд еуро шығынға батқан. Мамандардың сөзінше, егер бұл жағдай түзелмесе, жүздеген мың бала оқу оқымақ түгілі түрлі сырқатқа шалдығуы әбден мүмкін. Хазанның айтуынша, әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткен отбасыларға шұғыл қаржылай көмек көрсетілуі керек.