Испанияның ең кішкентай мұражайлары ұзақ үзілістен кейін қайта ашылды

Ұзындығы мен ені 10 см болатын Барселонадағы әлемнің ең кішкентай мұражайлары екі жылдық пандемиядан кейін қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Үш апта сайын экспозициясы өзгеріп отыратын бұл мұражайлар бүгінде танымал туристік орынға айналған. 

Каталондық модернизм астанасы саналатын Барселонаға биыл тамыз айында 8 млн астам турист келген. Жалпы Испанияға ағылған саяхатшылардың саны карантиндік шектеулер алынғаннан кейін күрт өсті. Өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігі мәлім еткендей, осы жылдың қаңтар мен қыркүйек аралығында Испанияға 53 млн-нан астам шетел азаматтары келген. Әлемдегі ең кішкентай мұражайлар сол туристер жиі қатынайтын ең танымал орынға айналған.

Наоми Бальори, әлемдегі ең кішкентай мұражайдың авторы:

- Бұл мұражайлар квест сияқты, оны картасыз табу өте қиын, әрі сонысымен де қызық. Қаланың көне бір тарихын үлкен мен кішіге бірдей танымдық әрі заманауи дүниеге айналдырғым келді.

Әлемнің ең кішкентай мұражайлары қаланың көне ауданы Грасияда орналасқан. Өткен ғасырда мына жерге қара темірден есік қойған. Жергілікті тұрғындар су құбырларының кілттерін осында сақтап келген екен. Кейін қаңырап бос қалған кішкентай ұңғымаға шаһар суретшісі Наоми Бальориқызы Галамен шағын өнер туындыларын қоя бастайды. Бастапқыда кішкентай Гала үй жанындағы үңгірге қуыршағын жасырып жүріпті. Ал кейін анасы екеуі қаладағы жиырма антикварлық орынды қалалық мұражайға айналдырды.

 Кристина Сала, блогер:

- Бұл кішкентай мұражайдың тарихы маған ұнайды.

Әлемдегі ең кішкентай мұражайдың  экспозициясы әр үш апта сайын өзгеріп отырады. Өйткені кез келген суретші музей авторы Наомиға тапсырыс беріп, табиғат, ғарыш, махаббат сияқты қалаған тақырыптағы туындыларын осы кішкентай мұрағатқа орналастыра алады. Дей тұрғанмен, пандемия тұсында бұл мұражайлар тоқырап тонала бастаған. Бірақ Испания карантиннен кейін млндаған туристі қабылдай бастағанда, әлемнің ең кішкентай мұражайлары да қайта жандана бастады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач