Қазақстанның ұлтаралық келісім тәжірибесі Кореяда зерттелуде

Қазақстанның ұлтаралық келісім мен бейбітшілік тәжірибесін Кореяда кеңінен зерттейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Пусан қаласында өткен форумға студенттер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Көп ұлттық қоғам Кореядағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Республика халқының 5% астамы – өзге ұлт өкілдері. Мәселен, былтыр дүниеге келген 100 баланың алтауы көп ұлтты отбасында туған. Оңтүстіккореялықтардың көбі Вьетнам, Қытай және Тайланд азаматтарымен тұрмыс құрады.