Вашингтонда Қазақстан жастарының арасында «Менің туым, менің болашағым» атты челлендж басталды

Республика күніне орай Қазақстан жастарының арасында «Менің туым, менің болашағым» деп аталатын челлендж басталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Әлемнің әр түкпірінде белді деген жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастар осындай бастаманы көтерді. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары әлеуметтік желілерде #меніңтуым, #меніңболашағым хэштегтері арқылы көк байрақпен түскен суреттерін жариялады. Қазақстанның әнұранын орындады.