Бельгияда жұмысшылар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Бельгияда жұмысшылар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Бельгиядағы ең ірі 2 кәсіподақ өкілдері қымбатшылыққа байланысты Еуроодақ ғимараты алдына жиылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талап – бағаның өсімін тоқтату. Ресейге қарсы салынған санкциялардан кейін кәрі құрлықта энергия мен шикізат өнімдері күрт қымбаттап кеткені белгілі. Соның салдарынан одаққа мүше мемлекеттердің экономикасы қиын жағдайға тап болды. Бельгияның ұлттық статистикасы басқармасы келтірген мәліметке сәйкес, қыркүйекте елдегі инфляция 11 пайыздан асып кеткен. Ал оның зардабын қарапайым халық тартып отыр.