Венесуэлада іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Венесуэлада іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Венесуэлада табиғат апатынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы Арагуа штатында нөсер соңы алапат су тасқыны мен лай көшкініне ұласқан еді. Сөйтіп 50-ден аса адамның өмірін қиды. Қазір өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал экономикалық шығында есеп жоқ.