Үндістанда азық-түлік қымбаттап барады

Үндістанда азық-түлік қымбаттап барады

Үндістанда жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуі инфляцияны ушықтырып жіберуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені толассыз жаңбырдан биыл астық аз жиналады деген қауіп бар. Мұның соңы тауар бағасының одан сайын қымбаттауына әкеледі, дейді сарапшылар. Ал қыркүйекте елдегі инфляция 7,8 пайызға жетті. Ал ауылдық елді мекендерде бұл көрсеткіш 8 пайыздан асып кеткен.